ОҚУШЫЛАР – МЕШІТТЕ

     Облыстық «Қызылжар»орталық мешітіне аудандар мен қала мектеп оқушылары демалыс күндері арнайы келіп, имамдардың дін тақырыбындағы ақыл-кеңестерін тыңдап қайту игі дәстүрге айналған. Жақында Алла үйіне Петропавл қалалық №-20 орта мектеп шәкірттерінің де жолы түсті. Оларға мешіттің найб имамы Аян Алыпқашев ізетті ұл-қыз қоғам тірегі екенін, жат ағымдардың зардабы, жаман әдеттердің жарға жығатыны жайында уағыз айтып, дұрыс жол, түзу бағыт нұсқады.

«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі.

   DSC01420.jpg (448×252)

DSC01419.jpg (448×252)

11111ъ.jpeg (1920×1440)

Return to Top ▲Return to Top ▲