СҚО/ МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫ

  • 70 рет оқылды
  • Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің өкілдері «Зекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп «Мектепке жол» акциясын өткізді. ҚМДБ жанындағы «Зекет» қоры жыл сайын «Мектепке жол»акциясын өткізеді.

    2023-24 жаңа оқу жылына орай дәстүрлі шара «Қызылжар» орталық мешітінде өтті. Қайырымдылық сомасы-2 млн теңге сомасында болып, оған 200 балаға арналған киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алуға жұмсалды.   Көмекке мұқтаж адамдар мешітке келіп, өтініш қалдыра алады. «Қызылжар» облыстық орталық мешіті көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмектесетінін хабарлаймыз.

    «Қызылжар» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

    Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

    Оставить комментарий

    Return to Top ▲Return to Top ▲