УНИВЕРСИТЕТТІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің  шәкірттеріне ауызашар берілді.

 Жатақхана алдында  1000 студентке ауызашарға қажетті тамақ  (су,нан, палау, құрма) таратылды. Ауызашар Оразаның маңызды бөлігі, әсіресе қасиетті айда ораза ұстайтындар үшін тамақ қабылдауды кейінге қалдырмау немесе тоқтатпау өте маңызды.

Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі.

Алла Тағала Рамазан айында тұтқан оразамызды қабыл етіп, барлық қайырымды істерімізді сауаптан жазғай!

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲