ТАЙЫНША АУДАНЫНДА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ

Тайынша ауданының бас имамы Зиятбек Ахметұлының басшылығымен және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының кешінде  аудан орталығындағы Жанар дәмханасында ораза ұстаған мұсылмандарға ауызашар  берілді.

Оған Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы қатысты. Ауызашарға арналып жайылған ақ дастарқанға жетпістен аса аудандағы  ақсақалдар мен ақжаулықты аналар және арнайы мешіт жамағаттары шақырылған. Дастарқан басына жиналған қауымға бас имам арнайы сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа тілегін білдірді.

Сонымен бірге  бүгінгі қоғамда адам баласының өзгеруі, заманға бейімделуі, рухани толығу үшін құран негіздерін үйренуі туралы уағыз айтып, соңында Құран бағыштады. Одан соң аудан ақсақалдары жиналған қауымға ақ батасын берді.  

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲