СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫ СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БІР МЕЗЕТТЕ ДҰҒА ЖАСАДЫ

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  «Бір мезетте бір дұға»  атты игі бастамасына Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігі мен жамағаты үн қосып, су апатына байланысты Құран оқып, дұға жасады. 

 Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Хамзат Қажымұратұлы бастаған дін қызметкерлері мен барлық аудандардың имамдары мен мешіт жамағаты бір мезетте алақан жайып:

«Уа, Алла Тағала!  Осы оқылған қасиетті Құран аяттарының нұрымен халқымызды, елімізді, жерімізді нұрға бөлей гөр. Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр!

Уа, Алла! тасқын судан жапа шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы ете гөр. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр»,- деп дұға етті.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲