СҚО БАС ИМАМЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСІП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕДІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының СҚО бойынша өкіл имамы Хамзат Қажымұратұлы студенттермен кездесу өткізді. Бұл шара ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өңірдің бас имамы жастарға «Қазақтың ұлттық коды» тақырыбында насихат айтты. Ол ұлттық құндылықтардың маңыздылығын, оның ішінде отбасы институтын, салт-дәстүрлерді және қазақ халқының рухани мұрасын сақтау қажеттігін атап өтті.

Хамзат Қажымұратұлы жастарды имандылыққа, білімге және отансүйгіштікке шақырды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, имаммен пікір алмасты.

Бұл кездесу жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға және ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Return to Top ▲Return to Top ▲