ЕСІЛ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Есіл ауданы Явленка ауылының мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі тойланды. Салтанатты іс-шараға өңірдің бас имамы Хамзат Әділбеков, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Мухаммадсолих Мирзаев, қалалық «Нұр» мешітінің наиб имамы Бекдәулет Қарабек, алқа мүшелері және аудан жұртшылығы қатысып, Мәуліт мерекесінің куәсі болды.

Мәуліт кеші қасиетті Құран оқумен бастау алып, СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы барша мұсылман  қауымды Мәуліт мейрамымен  құттықтап, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірбаянынан уағыз айтты.

Бұл күні Хамзат Қажымұратұлы аудандық мешітте жамағатпен кездесу өткізді. Шара барысында ауданның діни ахуалы талқыға салынып, азаматтардың толғандырған сауалдарына жауап берілді.

Return to Top ▲Return to Top ▲