БАС МҮФТИ ИСЛАМ ИНСТИТУТЫНДА ИМАМДАРҒА ДӘРІС ОҚЫДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Хусамуддин ас-Сығанақи» Ислам институтында имамдарға, дін қызметкерлеріне арнайы дәріс оқыды.

«Иманнан – ихсанға» тақырыбында дәріс оқыған Бас мүфти: «Әл-ихсану» (الاحسان)  сөзі «әхсана» (احسن) етістігінен туындап, «қандай да бір істі көркем түрде істеу, жақсылық жасау» деген мағыналарды қамтиды. «Ихсан» сөзі амалды іске асыруға байланысты қолданылғанда «сол істі көркем түрде орындау» деген мағынаны білдіріп, ал қарым-қатынас жасауға қатысты айтылғанда «ең көркем түрде жақсылық жасау» деген мағынаға ие болады. Ихсан дәрежесіне жетіп, амалдарын көркем түрде орындайтын, ықыласты адамды «мухсин-ун» (محسن) деп атайды.  Антонимі ретінде  «әл-иса-әту» (الإساءة), яғни «жамандықта шектен шығу» сөзі қолданылады. Терминдік тұрғыда «ихсан» деп шариғат талаптарын ең көркем түрде орындауды айтамыз» деді.

Институт директоры Бағдат Манабаев пен қатысушы имамдар Бас мүфтиге тағылымды дәрісі үшін ризашылығын білдірді. ҚМДБ Төрағасы имамдар мен исламтанушыларға ілім жолында жеңілдік пен сәттілік тілеп, батасын берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲