عن عمرَ قال: بَيْنَمَا نَحْنُ جُلُوسٌ عِـندَ رسـولِ اللهِ ذاتَ يومٍ إِذْ طَلَعَ علينا رَجُلٌ شَدِيدُ بياضِ الثيابِ، شَدِيدُ سوادِ الشعرِ، لا يُرَى عَلَيْهِ أَثَـرُ السَّفَرِ، ولا يَعْـرِفُهُ مِنَّا أَحـَدٌ، حتى جـَلـَسَ إلى النبيِّ فـأسند رُكْبَـتَيْهِ إلى رُكْبَـتَيْهِ ووضعَ كَفَّيْهِ على فَخِذَيْهِ، وقـال: ( يا محمَّدُ أَخْبِرْنِي عَنْ الإِسْلامِ ).
فقـالَ رَسُـولُ الله : { الإسـلامُ أن تـَشْـهَـدَ أن لاَ إلَـه إلا اللهُ وأَنَّ محـمـداً رسـولُ الله، وتـقـيـمَ الصَّلاةَ، وتـُؤْتِي الـزَّكَاةَ، وتَـصُومَ رَمَضَانَ، وتـَحـُجَّ البَيْتَ إنِ اسْـتـَطَـعْتَ إليه سَبيلاً }.
قالَ: ( صَدَقْتَ )، فَعَجِبْنَا لهُ، يَسألُهُ ويُصَدِّقُهُ؟ قالَ: ( فَأَخْبِرْنِي عنِ الإيمانِ ).
قالَ: { أنْ تُؤْمِنَ بالله ومَلَائِكَتِهِ وكُتُبِهِ ورُسُلِهِ واليَوْمِ الآخِرِ وتُؤمِنَ بالقَدَرِ خَيْرِهِ وشَرِّهِ }.
قال: ( صَدَقْتَ ). قال: ( فَأَخْبِرْنِي عَنِ الإِحْسَانِ ).
قال: { أنْ تَعْبُدَ اللهَ كأَنَّكَ تَرَاهُ، فإنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فإِنَّهُ يَرَاَكَ }.
قال: ( فأخْبِرْنِي عنِ السَّاعةِ ).
قال: { ما المَسْؤُولُ عنها بأَعْلَمَ مِنَ السَّائِل }.
قال: ( فَأخْبِرْنِي عنْ أَمَارَاَتِها ).
قال: { أنْ تَلِدَ الأَمَةُ رَبَّتَهَا، وأن تَرَى الحُفَاةَ العُرَاةَ العَالَةَ رِعَاءَ الشَّاءِ يَتَطَاوَلُونَ في البُنْيَانِ }.
ثُمَّ انْطَلَقَ، فَلَبِثْتُ مَلِيّاً، ثمَّ قَال: { يا عُمَرُ أَتَدْري مَن السَّائِلُ ؟ }.
قُلْتُ: اللهُ ورسولُهُ أعلَمُ.
قال: { فإنَّهُ جبرِيلُ ، أتَاكُمْ يُعَلِّمُكُمْ دِينَكُمْ }.
Хадистегі сөздердің мағынасы
Арабша | Аудармасы | Арабша | Аудармасы |
عن عمرَ | Омардан | قال | айтты |
بَيْنَمَا | кезде, | نَحْنُ | біз |
جُلُوسٌ | отырған | عِـندَ رسـولِ | Пайғамбардың (с.а.у) жанында |
اللهِ | Алла | ذاتَ يَوْمٍ | бір күні |
إِذْ طَلَعَ | беттеді | عَلَيْنا | бізге |
رَجُلٌ | ер адам | شَدِيدُ | қатты |
بَياضِ | ақ болу | الثيابِ | киімнің |
شَدِيدُ | қатты | سَوَادِ | қара болу |
الشَّعْرِ | шаш | لَا يُرَى | көрінбейді |
عَلَيْهِ | онда | أَثَـرُ | әсер |
السَّفَرِ | сапардың | وَ | және |
لا يَعْـرِفُهُ | Оны білмейді | مِنَّا | бізден |
أَحـَدٌ | ешкім | حَتَّى | дейін |
جـَلـَسَ | отырды | إلى النَّبِيِّ | Пайғамбарымызға (с.а.у) |
فَـأَسْنَدَ | қатар қою, қатарластыру | رُكْبَـتَيْهِ | екі тізесін |
إلى رُكْبَـتَيْهِ | екі тізесіне (пайғамбардың (с.а.у) | وَ | және |
وَضَعَ | қойды | كَفَّيْهِ | екі алақанын |
عَلَى فَخِذَيْهِ | екі санына (пайғамбардың (с.а.у) | وَ | және |
قـالَ | айтты | يا | Ей |
مُحَمَّدُ | Мұхаммед | أَخْبِرْنِي | хабар бер |
عَنْ الإِسْلامِ | Ислам жайлы | فَقَـالَ | айтты |
رَسُـولُ | елші | الله | Алланың |
الإِسْـلَامُ | Ислам | أَنْ تـَشْـهَـدَ | Шәһадат келтіру |
أنْ لاَ إلَـهَ إلَّا اللهُ | Лә иләһа илла Алла | وَ | және |
أَنَّ | шынында (күшейтпелі мағына) | مُحَـمَّـداً | Мұхаммед |
رَسُـولُ اللهِ | Алланың елшісі | وَ | және |
تـُقِـيـمَ | оқу | الصَّلاةَ | намаз |
وَ | және | تـُؤْتِي | өтеу |
الـزَّكَاةَ | зекет | وَ | және |
تَـصُومَ | ұстау (ораза) | رَمَضَانَ | рамазанда |
وَ | және | تـَحـُجَّ | қажылық қылу |
البَيْتَ | қағбаны | إنِ | егер |
اسْـتـَطَـعْتَ | шамаң келсе | إِلَيْهِ | оған |
سَبِيلاً | жолына | قالَ | айтты |
صَدَقْتَ | шын айттың | فَعَجِبْنَا | біз таң қалдық |
لهُ | оған | يَسألُهُ | Одан (пайғамабардан (с.а.у) сұрайды. |
وَ | және | يُصَدِّقُهُ | Оны (пайғамбарды (с.а.у ) құптайды |
قالَ | айтты | فَأَخْبِرْنِي | хабар бер |
عنِ الإيمانِ | иман жайлы | قالَ | айтты |
أنْ تُؤْمِنَ | иман келтіру | بِاللهِ | Аллаға |
وَ | және | مَلَائِكَتِهِ | Оның періштелеріне |
وَ | және | كُتُبِهِ | Оның кітаптарына |
وَ | және | رُسُلِهِ | Оның пайғамбарларына |
وَ | және | الْيَوْمِ | күнге |
الآخِرِ | ақырет | وَ | және |
تُؤمِنَ | иман келтіру | بالقَدَرِ | тағдырға |
خَيْرِهِ | оның жақсылығы | وَ | және |
شَرِّهِ | оның жамандығы | قَالَ | айтты |
صَدَقْتَ | шын айттың | قَالَ | айтты |
فَأَخْبِرْنِي | хабар бер | عَنِ الإِحْسَانِ | ихсан жайлы |
قَالَ | айтты | أَنْ تَعْبُدَ | құлшылық қылу |
اللهَ | Аллаға | كأَنَّكَ | бейне сен (сипаттау) |
تَرَاهُ | Оны көріп тұрғандай | فإنْ | егер |
لَمْ تَكُنْ | болмасаң | تَرَاهُ | көрушілерден |
فإِنَّهُ | шынанда ол | يَرَاَكَ | сені көріп тұр |
قَالَ | айтты | فَأَخْبِرْنِي | хабар бер |
عنِ السَّاعةِ | қиямет жайында | ما | (жоққа шығару) |
المَسْؤُولُ | сұралушы | عنها | ол жайында |
بأَعْلَمَ | білмейді | مِنَ السَّائِل | сұраушыдан |
قَالَ | айтты | فَأَخْبِرْنِي | хабар бер |
عنْ أَمَارَاَتِها | оның белгілері жайында | قَالَ | айтты |
أنْ تَلِدَ | туады | الأَمَةُ | күң |
رَبَّتَهَا | өзінің қожайынын | وأن تَرَى | көресің |
الحُفَاةَ | العُرَاةَ | жалаңаш | |
العَالَةَ | кедей | رِعَاءَ الشَّاءِ | қойшылар |
يَتَطَاوَلُونَ | ұзындығымен бәсекелеседі | في البُنْيَانِ | ғимараттың |
ثُمَّ انْطَلَقَ | сосын кетті | فَلَبِثْتُ | кідірдім |
مَلِيّاً | аздап | ثمَّ | сосын айтты |
قَال | айтты | يا عُمَرُ | Ей Омар |
أَ | сұраулық шылау | تَدْري | білесің |
مَن | кім | السَّائِلُ | сұраушы |
قُلْتُ | айттым | اللهُ | Алла |
و | және | رسولُهُ | Оның елшісі |
أعلَمُ | Көбірек біледі | قال | айтты |
فإنَّهُ | шынында ол | جبرِيلُ | Жебрейіл |
أتَاكُمْ | сендерге келді | يُعَلِّمُكُمْ | сендерді үйрету үшін |
دِينَكُمْ | діндеріңді |
Омар ибн әл-Хаттабтан риуаят етіледі: “Бір күні біз Алла елшісінің (с.а.у) қасында отырғанымызда аппақ киімді, қою қара шашты, бойында сапар ізі көрінбейтін және арамыздан оны ешқайсымыз танымайтын бір адам келді. Ол пайғамбарымыздың (с.а.у) тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойып: “Әй, Мұхаммед! Маған Ислам туралы хабар берші”,-деді. Алла елшісі (с.а.у): “Ислам дегеніміз-Алладан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ екеніне әрі Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етуің, намазды толық орындауың, зекет беруің, Рамазанда ораза ұстауың және жолын шамаң келсе үйге (Қағбаға) қажылық жасауың”,-деп жауап қайтарды. (Әлгі адам): “Сен рас айттың”,-деді. Ал біз оның сұрақ қойып, кейін растағанына таңқалыстық. Сонан соң ол: “Енді маған иман жайынан хабар берші”,-деді. Алла елшісі (с.а.с): “Иман дегеніміз-Аллаға, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілеріне, ақырет күніне иман келтіруің және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің”,-деді. Ол тағы да: “Сен рас айттың”-деді. Сонан соң: “Енді ихсан жайында хабар берші”,-деді. Ол кісі (с.а.с): “Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық жасауың. Егер сен оны көріп тұрмасаң да ол сені көріп тұр”,-деді. Әлгі адам: “Енді маған (Қиямет) сағаты жайында хабар берші”,-деді. Сонда (пайғамбар с.а.с): “Сұралушы сұраушыдан артық білмейді ол жайын”,-деді. Әлгі адам: “Онда маған оның белгілерінен хабар берші”,-деп еді, ол кісі: “Күң өзінің ханшайымын туады және жалаңаяқ-жалаңбас қой соңындағы кедейлер биік үйлер салуда жарысатынын көресің”,-деді. Содан соң әлгі адам кетіп қалды. Мен біраз уақыт өткіздім. Сосын ол кісі маған: “Әй, Омар, сұраушының кім екенін білемісің”?-деді. Мен: “Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі”,-деп едім, ол кісі: “Ақиқатында, бұл-Жәбірейіл. Ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келді”,-деді.
Бұл хадис Муслим хадистер жинағында келесі тізбектермен жеткен: Каһмас, Абдолла ибн Бурайда, Яхия ибн Яғмур. Ибн Хиббанның хадистер жинағында басқа жолдар арқылы келген. Бұған мағыналас хадистер Бұхари хадистер жинағында, Имам Ахмадтың муснадында бар.
Хадисте ислам, иман, ихсан мәселелері қамтылғалған. Сол секілді қияметтің кіші белгілері турасында баян етіледі.
Хадистің мәтініне талдау:
بينما نحن جلوس عند رسول الله – صلى الله عليه وسلم – إذ طلَع علينا رجل:
Бір күні біз Алла елшісінің (с.а.у) қасында отырғанымызда бір адам беттеді
Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабаларымен бірге оларға ілім үйрету үшін отыратын еді. Дегенмен орынсыз болмаған жайттар жайында сұрақтар қоя беруге ыңғайсызданатынбыз. Өйткені Құранның мына аяты оған тиым салатын:
﴿ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ وَإِنْ تَسْأَلُوا عَنْهَا حِينَ يُنَزَّلُ الْقُرْآنُ تُبْدَ لَكُمْ عَفَا اللَّهُ عَنْهَا وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ * قَدْ سَأَلَهَا قَوْمٌ مِنْ قَبْلِكُمْ ثُمَّ أَصْبَحُوا بِهَا كَافِرِينَ ﴾
Әй мүміндер! Егер айқындалса сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді. Алла оны кешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ.(102) Расында сендерден бұрыңғы бір ел де сөйтіп сұрап, сонан кейін оған қарсы болған еді.[1]
Сахабалар пайғамабарымыздан (с.а.у) тек белгілі бір іс орын алғанда ғана сұраған. Бұлай жасалудың өзіндік хикметі әрі пайдасы бар. Бұл кез-келген күнә атаулыға барудың алдын алу жолы. Ал болмаған жайттарды сұрап пайғамбарымызды ыңғайсыз жағдайға қою ол екі жүзділердің белгісінен болып табылады.
Сол себепті пайғамбарымыз (с.а.у) айтқан:
((ذَرُوني ما تركتُكم، فإنما هلَك من كان قبلكم بكثرة سؤالهم واختلافهم على أنبيائهم))،
Сендерге тастаған нәрсемді мен үшін қалдырыңдар шын мәнінде сендерге дейінгі қауым сұрақтарының көптігімен пайғамбарларына қарсылығымен құрдымға кеткен[2].
Сол себепті сырттан біреу келіп пайғамбарымыздан (с.а.у) дін жайында сұрағанын сахабалар жақсы көретін. Алланың нығметтерінің бірі Жебрейіл (а.с) арқылы Алла тағала сахабаларға дін үйрету жіберді.
شديد بياض الثياب، شديد سواد الشعر:
Аппақ киімді, қою қара шашты
Алланың шексіз құдіретінің бір белгісі періштелерді нұрдан жаратуында және адам бейнесінде сипатталған кезде адамдардың ішінде ең мінсіз көркем түрінде сипатталуында. Періште адам кейпінде сипатталғанда сахабалардың ішінде ансарлық Дахия ибн Халифа әл-Кәлбиге ұқсас бейнеде болатын. Ол сахабалардың ішінде ең көркемі, қош иістісі, киіміне ерекше ұқыпты еді. Жын әлемі болса ол да адамдар тәрізді сипатталу құдретіне ие болғанымен адамдардың ішінде ең ұсқынсызымен сипатталатын кейде жануарлардың да кейпіне кіретін. Адамдардың кейпіне енгенде толық енбей кей бөлігі хайуанның бөлігі болатын. Абу Сағид әл-Худридің хадисінде келгендей:
«حيث صافحني الجني وإذ بيده يد كلب»
Жынмен қол алысқанымда қолы иттің қолы еді.[3]
Періштенің шашы қара болуы періштенің жасы кәрі емес жас адам екенін меңзейді.
لا يُرى عليه أثرُ السفر، ولا يعرِفه منا أحد:
Бойында сапар ізі көрінбейтін және арамыздан оны ешқайсымыз танымаймыз.
Аталған адам сахабалар үшін белгісіз, араларында оны ешкім білмеді. Сол уақыттағы сапар шеккен адамға тән сипат киімдерінің, шаштарының шаң болуы. Бұл сипаттардың болмауы сахабаларды қатты таң қалдырды.
حتى جلَس إلى النبي – صلى الله عليه وسلم
Ол пайғамбарымызға (с.а.у) қарсы отырды.
Бұл оқиға жайында көп хадистерде жалпылама түрде келген. Адамның амандасуы, отыруға рұқсат сұрау жайында хабар аз. Насаидің хадистер жинағында: Адам отырысқа келіп: «Ассаламу алайкум ей Мухаммад, жақындайын ба?» деді. Оған сәлем қайтарып: «Жақында» деді. Екі, үш мәрте қайталады, пайғамбарымыз жақында деп әр сұраған сайын жауап берді. Ең соңында келіп қарама-қарсы отырды.
فأسْنَد ركبتيه إلى ركبتيه، ووضَع كفيه على فخِذيه، وقال: يا محمد:
Тізелеріне тізелерін тиістіріп (қарсы) отырды да, екі қолын сандарына қойып: “Әй, Мұхаммед! деді.
Тізесін пайғамбардың тізесіне қоюы, оның бір маңызды бір істі үйреткісі келгенін меңзейді, айтқан еш сөзінің қалыс қалмасын деген ынтасының белгісі. Екі қолын пайғамбарымыздың (с.а.у) тізесіне коюы ұстаз ретінде ерекше әдептіліктің белгісі. Ал пайғамбарымыздың «Ей Мухаммад» деп атау періштелік сипатқа лайықсыз әрекет болып көрінуі мүмкін, өйткені Құранда пайғамбарымыз «Ей Мұхаммад» деп шақырмаған. Бұлай пайғамбарды (с.а.у) бедуиндер ғана шақыратын. Бұлай атау әдепсіздік емес керісінше сахабалардың назарын осы әңгімеге барынша мән беруге итермелейтін әрекет.
أخبِرني عن الإسلام: فقـالَ رَسُـولُ الله : { الإسـلامُ أن تـَشْـهَـدَ أن لاَ إلَـه إلا اللهُ وأَنَّ محـمـداً رسـولُ الله، وتـقـيـمَ الصَّلاةَ، وتـُؤْتِي الـزَّكَاةَ، وتَـصُومَ رَمَضَانَ، وتـَحـُجَّ البَيْتَ إنِ اسْـتـَطَـعْتَ إليه سَبيلاً }.
قالَ: ( صَدَقْتَ )، فَعَجِبْنَا لهُ، يَسألُهُ ويُصَدِّقُهُ؟
Маған Ислам туралы хабар берші”,-деді. Алла елшісі (с.а.у): “Ислам дегеніміз-Алладан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ екеніне әрі Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік етуің, намазды толық орындауың, зекет беруің, Рамазанда ораза ұстауың және жолын шамаң келсе үйге (Қағбаға) қажылық жасауың”,-деп жауап қайтарды
Бұл жерде ислам сөзінің мағынасы шариғаттағы мағынасы – Алланың барлық әмірлеріне, парыздарына, әдептеріне бой ұсыну. Пайғамбарымыз (с.а.у) жауабы амал шеңберінде негізделді. Алланың дініне кіру үшін ең алғашқы есік шаһадат сөзінен басталады, бұл сарайдың негізгі тірегі іспеттес. Қалған төрт негіз: намаз, зекет, ораза, қажылық сарайдың құлап қалмай тік тұруына негіз болатын тараптары. Ал қалған парыз амалдар, уәжіптер, сүнеттер сарайдың сарай болу үшін қаланған маңызды бөлшектері болып саналады. Әр амал дәрежесіне сай сарайдың кейпін береді. Ислам негіздерінің тәртібі парыз болу уақытына сай реттелген. Шаһадат пайғамбарымыздың (с.а.у) Меккеде ең алғаш шақырған амалы, содан кейін миғраж түнінде бес уақыт намаз парыз болды. Одан кейін һижраның екінші жылы зекет, ораза парыз болды. Ең соңғы көп риуаят бойынша һижраның алтыншы жылы қажылық парыз болды.
قال: صدَقْتَ، قال فعجِبنا له، يسأله ويصدِّقه:
(Әлгі адам): “Сен рас айттың”,-деді. Ал біз оның сұрақ қойып, кейін растағанына таңқалыстық.
Періштенің сұрақ қоюы адамдарға ілім үйретудегі әдістің бір түрі. Ал «Сен рас айттың» деп растауы оның сұрап тұрған мәселелері жайында толық хабардар екенінің дәлелі. Өзінің сұрақ қойып, өзінің растауы сахабаларды қатты таң қалдырды. Бұл өз кезегінде сұраушының әдептерін бізге үйретуі және ілім иелерімен қалай сөз сөйлеу керектігінің тамаша көрінісі. Сұрақ қоюшы адамға ерекше мән беретін жайт тек өте маңызды мәселелерді сұрауында және тұшымды жауап алған кезде хақты мойындап бас июі.
قال: فأخبِرْني عن الإيمان:
Сонан соң ол: “Енді маған иман жайынан хабар берші”,-деді.
Иман түсінігі ислам шеңбері аясында өте кең ауқымды тақырыптарды қамтығанымен бұл жерде пайғамбарымыз «иман жайында хабар бер» деп сұралғанда сенім шеңберіндегі иманның негізгі тармақтарына тоқталып, иманның алты шартымен ғана шектелді.
قال: أن تؤمنَ بالله:
Алла елшісі (с.а.с): “Иман дегеніміз-Аллаға,.
Аллаға иман келтіру – балиғатқа жеткен әрбір ақыл есі дұрыс пендеге парыз. Пенде үшін пайғамбарлардың келіп Алланың танытуы міндет емес адам баласы өз ақылымен танып білуі тиіс. Алланың бар екеніне және оның жалғыз әрі шексіз құдірет иесі екеніне айналамыздағы біз көріп көре алмайтын жаратылыстар дәлел. Алла тағала Құран кәрімде:
إِنَّ فِي خَلْقِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَاخْتِلَافِ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ لَآيَاتٍ لِّأُولِي الْأَلْبَابِ
«Жер мен көктің жаратылуында және күн мен түннің алма-кезек өзара алмасуында ақыл иелері үшін (Алланың бірлігін, барлығын білдіретін) айқын дәлелдер бар»[4]
Басқа бір аятта:
قَالَتْ رُسُلُهُمْ أَفِي اللَّهِ شَكٌّ فَاطِرِ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ يَدْعُوكُمْ لِيَغْفِرَ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرَكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُّسَمًّى ۚ قَالُوا إِنْ أَنتُمْ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا تُرِيدُونَ أَن تَصُدُّونَا عَمَّا كَانَ يَعْبُدُ آبَاؤُنَا فَأْتُونَا بِسُلْطَانٍ مُّبِينٍ
Олардың пайғамбарлары: “Көктер мен жерді жаратушы Алла жайында күмәнданасыңдар ма? Ол күнәларыңды жарылқауға және сендерді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіруге (кеңшілік етуге) шақырады” деді. (Олар пайғамбарларына): “Сендер де біздей-ақ адамсыңдар. Бізді ата-бабаларымыздың табынған нәрселерінен тосқыларың келе ме? Бізге ашық бір дәлел келтіріңдер” деді.[5]
Бұл әлемнің ұшқыр есеппен жаратылуы, әрбір жаратылыстың саналуындығы, олардың талғамдарындағы, азық-түліктерінедегі саналуандық, бір-біріне жәрдемдесуі және байланыста болуы және сол барлық жаратылысты бір адамға бағындырып қоюы шексіз Алланың құдіретінің, әрі оның жалғыз екендігінің дәлелі.
وملائكته:
Оның періштелеріне,
Періштелер адамнан бұрын жаратылған. Олардың өздеріне тән денелері бар. Олар адамдар секілді ішіп-жеуге, ұрпақ көбейтіп, көбеюге, шаршап-шалдығып, ұйықтауға мұқтаж емес. Жынысқа бөлінбейді. Қызғану, ашулану, ренжу, тәкаппарлану сияқты жаман сипаттар олардың пәк дүниесінен аулақ. Олар үнемі Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасайды. Ғибадат – олардың қорегі. Олар Алланың бұйрықтарын бүге-шігесіне дейін бұлжытпай, айна-қатесіз орындайды. Олар ешқашан күнәнің кішісін де, үлкенін де жасамайды. Барлық күнә атаулыдан қорғалған. Құранда:
وَلَهُ مَن فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَمَنْ عِندَهُ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِ وَلَا يَسْتَحْسِرُونَ ﴿١٩﴾ يُسَبِّحُونَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ لَا يَفْتُرُونَ
Оның жанындағылар (періштелер) Ұлы Жаратушыларына ғибадат жасаудан бас тартып, паңданбайды және құлшылық жасаудан шаршамайды. Олар жалығып, шаршамастан күндіз-түні Алланы (күллі кемшілік атаулыдан пәктеп) тәсбих етеді»[6]
وكتبه: والكتب المنزَّلة التي ذُكِرت في القرآن الكريم أربعة:
Оның кітаптарына,
Құранда қасиетті төрт кітап жайында хабар беріледі. Тәурат Мусаға, Інжіл Исаға, Забур Дәуітке және Құран пайғамбарымыз Мухаммадке (с.а.у) түскен. Сонымен қатар Құран кәрімде кейбір пайғамбарларға түскен парақтар жайында да айтылған. Олар Муса және Ибраһим Алланың оларға сәлемі болсын. Құран кәрімде:
﴿ إِنَّ هَذَا لَفِي الصُّحُفِ الْأُولَى * صُحُفِ إِبْرَاهِيمَ وَمُوسَى ﴾ [الأعلى: 18، 19].
Негізінен бұл үкімдер бұрынғы нұсқаларда бар; (19) Ыбырайым, Мұса (Ғ.С.)-лардың нұсқаларында.[7]
ورُسله: الإيمان بالرسل من أركان الإيمان،
Оның елшілеріне,
Құран кәрімде жиырма бес пайғамбардың есімі келген. Жалпы пайғамбарлардың саны көп риуаяттарда жүз жиырма төрт мың деп келеді. Олардың барлығы сыншыл, аманқа берік, зерек, күнадан пәк, дінді толық жеткізу сипаттарына ие. Алла тағала Құран кәрімде:
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا رُسُلًا مِّن قَبْلِكَ مِنْهُم مَّن قَصَصْنَا عَلَيْكَ وَمِنْهُم مَّن لَّمْ نَقْصُصْ عَلَيْكَ ۗ وَمَا كَانَ لِرَسُولٍ أَن يَأْتِيَ بِآيَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۚ فَإِذَا جَاءَ أَمْرُ اللَّهِ قُضِيَ بِالْحَقِّ وَخَسِرَ هُنَالِكَ الْمُبْطِلُونَ
Расында сенен бұрын да елшілер жібердік. Олардың кейбірін саған баян еттік те, кейбірін баян етпедік. Ешбір елші Алланың рұқсаты болмайынша бір мұғжиза келтіре алмайды. Қашан Алланың әмірі келсе, ақиқат бойынша үкім етіледі. Бұл жерде бұзақылар зиянға ұшырайды.[8]
واليوم الآخر:
Ақырет күніне иман келтіруің
Ақырет күніне иман ету – иман негіздерінің бірі. Құранда Аллаға иман етуге байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (яумил ахир) иман ету де бірге айтылады. Алла тағала Құран Кәрімде:
وَالَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنزِلَ مِن قَبْلِكَ وَبِالْآخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ ﴿٤﴾ أُولَـٰئِكَ عَلَىٰ هُدًى مِّن رَّبِّهِمْ ۖ وَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ ﴿٥﴾
(4) (Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нанады. (5) Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар.[9]
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл жайында айтқан хадистерін келтіретін болсақ: «Қиямет күні Алла Тағала аудармашысыз сіздердің әрбіреуіңізбен міндетті түрде сөйлеседі. Сол кезде адам оңына қарайды, сонда дүниеде жасаған амалының пайдасын көреді. Сол жағына қарайды, ол кезде де жасаған амалынан басқасын көре алмайды. Алдына қарағанда, дәл алдында жәһәннамнан басқасын көре алмайды. Олай болса, бір құрманың жартысын болса да, садақа ету арқылы өздеріңді тозақтан сақтаңыздар».[10]
Кімде-кім ақыретке сенбесе, иман етпеген болып саналады. Алла тағала:
وَمَن يَكْفُرْ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ وَالْيَوْمِ الْآخِرِ فَقَدْ ضَلَّ ضَلَالًا بَعِيدًا
«Кімде-кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ақырет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты[11], – деп келтіреді.
Бұл жерде адам өмірінің төртінші кезеңі турасында айтылған. Алла тағала адамның өмір кезеңі жайында:
﴿ أَلَمْ نَخْلُقْكُمْ مِنْ مَاءٍ مَهِينٍ * فَجَعَلْنَاهُ فِي قَرَارٍ مَكِينٍ * إِلَى قَدَرٍ مَعْلُومٍ * فَقَدَرْنَا فَنِعْمَ الْقَادِرُونَ * وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ ﴾ [المرسلات: 20 – 24]،
20) Сендерді болымсыз судан жаратпадық па? (21) Сондай оны берік бір жерде (жатырда) етпедік пе? (22) Белгілі бір мерзімге дейін. (23) Оның тағдырын мөлшерледік. Нендей толық күшке иеміз. (24) Жасынға шығарушыларға сол күні нендей өкініш![12]
وتؤمن بالقَدَر خيره وشره:
Және тағдырдың жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің”,-деді.
Иман шарттарының соңғысы – тағдырға иман келтіру болып табылады. Тағдыр – араб тіліндегі «қадар» деген сөзден шыққан. «Өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» дегенді мағынаны білдіреді. Ал, шариғаттық термин бойынша, Ұлы Алланың әу бастан қияметке дейін және қияметтен кейін болатын барлық нәрсені, барлық оқиғаны жаратпастан бұрын шексіз, әзәли ілімі арқылы егжей-тегжейіне дейін білуін және оларды белгілі бір өлшем, мөлшерге қарай реттеуін, белгілі бір есеппен жүйелеуін, арнайы бір жобамен тағайындап белгілеуін «тағдыр» дейміз.[13]
Алла тағала Құран кәрімде:
﴿ إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ ﴾
Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық.[14]
Басқа бір аятта:
: ﴿ مَا أَصَابَ مِنْ مُصِيبَةٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي أَنْفُسِكُمْ إِلَّا فِي كِتَابٍ مِنْ قَبْلِ أَنْ نَبْرَأَهَا إِنَّ ذَلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ ﴾
قال: فأخبرني عن الإحسان:
Сонан соң: “Енді ихсан жайында хабар берші”,-деді.
Араб тілінде ихсан сөзі екі мағынада қолданылады. «Ахсана» етістігін алар болсақ, жақсы істі атқарғаны турасында қолданылады, сол сияқты бір істі тыңғылықты, аса мән бере отырып ұқыптылықпен жасағанын меңзейді. Бұл хадистегі ихсан сөзінің мағынасы қандай жолман мұсылманның құлшылығын жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға болатынын сұрады.
Бұл орайда сопылық немесе суфизм мәселесін айтпай кетпеуге болмайды. Бірі сопылық жол ешбір кемшіліксіз ақиқат жолы, оны әрбір адам ұстану қажет десе енді бір топтар сопыларды көрсе, діндегі адасқан ағымды көргендей тітіркене қарайды, тағы бір топ сопылықты Құран, сүннетке сәйкес сопылық адасқан сопылық ретінде қарастырады….
Сопылық немесе тасауф ислам дініндегі мазһабтардан емес. Шын мәнінде сопылық исламдағы үш негіздің (ислам, иман, ихсан) бірі — ихсанның амалға асуын реттейтін жүйе. Фиқһ шариғат ілімін қамтыса, ақида иман негіздерін жүйеге келтіреді, сопылық болса, иманның ихсан дәрежесіне жетелейтін тәрбие мектебі. Оның негізгі қағидасы:
أَنْ تَعْبُدَ اللَّهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ فَإِنَّهُ يَرَاكَ
Алла тағалаға Ол көріп тұрғандай құлшылық жасау, сен оны көрмесең де Ол сені көруде. Қарапайым құлдың Алла тағаланы тануы үшін оның разылығына бөленуге апаратын хидаят жолы. Тасаууф ілімін басқаша тазару ілімі, мінез-құлық ілімі деп те атайды.
قال: ((أن تَعبد الله كأنك تراه، فإن لم تكن تراه فإنه يراك)):
Алла тағалаға Ол көріп тұрғандай құлшылық жасау, сен оны көрмесең де Ол сені көруде
Егер жұмыс істеуші адам жасап жатқан адам жұмысын беруші адамның алдында жасаса, бар күш жігерін жұмсап, ешбір кемшіліксіз орындауға тырысады. Міне мұсылман адам да Алла алдындағы парыздарын орындаған кезде дәл Алланың алдында тұрғандай сезіммен атқарса ол ихсан дәрежесіне жеткені. Жұмыс беруші адам жоқ кезде ешбір өзгеріссіз жұмысын сапалы жасайтын адамды біз ісіне беріп жауапты адам деп мәртебесін көтерсек Алланы көрмеседе Алланы көріп тұрғандай сезіммен құлшылық жасайтын адамның да деңгейі ихсан деңгейіне жеткен адам деп бағалау қажет. Алла тағала Құран кәрімде:
﴿ مَا يَكُونُ مِنْ نَجْوَى ثَلَاثَةٍ إِلَّا هُوَ رَابِعُهُمْ وَلَا خَمْسَةٍ إِلَّا هُوَ سَادِسُهُمْ وَلَا أَدْنَى مِنْ ذَلِكَ وَلَا أَكْثَرَ إِلَّا هُوَ مَعَهُمْ أَيْنَ مَا كَانُوا ثُمَّ يُنَبِّئُهُمْ بِمَا عَمِلُوا يَوْمَ الْقِيَامَةِ إِنَّ اللَّهَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ ﴾ [المجادلة: 7].
(Мұхаммед Ғ.С.) көрмедің бе? Шәксіз Алла (Т.) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса, сөз жоқ төртіншісі (Алла), әлбетте бестің алтыншысы Алла. Тағы бұлардан аз, я көп тіпті қайда болса да әрине Ол, олармен бірге болады. Сонан кейін қиямет күні, оларға не істегендерін білдіреді. Шүбәсіз Алла, әр нәрсені толық білуші.[15]
قال: فأخبرني عن الساعة:
“Енді маған (Қиямет) сағаты жайында хабар берші”,-деді.
Құран аяттарында хадисте келген сағат сөзі көбінесе қиямет күні мағынасында қолданылады. Алла тағала Құран кәрімде:
﴿ يَا أَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمْ إِنَّ زَلْزَلَةَ السَّاعَةِ شَيْءٌ عَظِيمٌ * يَوْمَ تَرَوْنَهَا تَذْهَلُ كُلُّ مُرْضِعَةٍ عَمَّا أَرْضَعَتْ وَتَضَعُ كُلُّ ذَاتِ حَمْلٍ حَمْلَهَا وَتَرَى النَّاسَ سُكَارَى وَمَا هُمْ بِسُكَارَى وَلَكِنَّ عَذَابَ اللَّهِ شَدِيدٌ ﴾ [الحج: 1، 2]،
Әй адам баласы! Раббыларыңнан қорқыңдар. Расында қияметтің сілкінісі үлкен нәрсе,(2) Ол күні, әр емізушінің емізгенін ұмытқанын және әрбір буаз жәндіктің іш тастағанын көресің. Адамдарды мас түрде көресің. Негізінде олар мас емес. Бірақ Алланың азабы қатты.[16]
Жебрейіл періште қияметтің болу жайында сұрағанымен ол да, пайғамбар да ол жайында хабарсыз, өйткені ол жайында Алла тағала пенделерден жасырған болатын. Алла тағала Құран кәрімде:
﴿ إِنَّ السَّاعَةَ آتِيَةٌ أَكَادُ أُخْفِيهَا لِتُجْزَى كُلُّ نَفْسٍ بِمَا تَسْعَى ﴾ [
«Әркім істегенінің бодауын алу үшін; Мен мезгілін құпиялаған қиямет анық келеді.»[17]
ما المسؤول عنها بأعلَمَ من السائل
Сонда (пайғамбар с.а.с): “Сұралушы сұраушыдан артық білмейді ол жайын”,-деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у) білмеймін деп жауап бермеді өйткені олай жауап беретін болса, басқа білетін болар деген ой туу мүмкін еді. Бұл жауабынан аңғаратынымыз сұраушы да сұралушы да сұрақтың жауабын білуі мүмкін емес.
قال: فأخبرني عن أماراتها:
Әлгі адам: “Онда маған оның белгілерінен хабар берші”,-деді,
Ақырзаман – өзі айтып тұрғандай соңғы сәт, соңғы заман. Ал оның қашан болатыны бiр Аллаға ғана аян. Дегенмен қиямет сағатының жақын қалғанын білдіретін белгілері бар. Бұл белгілер екіге бөлінеді:
1) кіші белгілері;
- «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бұхари).
- Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бұхари, Худуд, 20).
- Расулуллаһ (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», – дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», – дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», – деп жауап береді (Бұхари).
- Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бұхари, Иман 37; Муслим, Иман 1).
- Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бұхари, Фитән 25).
- Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Мүслим).
- Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.
– Зілзаланың көбеюі.
– Көптеген бүліктер етек алуы.
– Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді.
– Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды (Бұхари, Фитән 25).
- Мал-дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды (Хадис ансиклопедиясы, Кутубус ситтә, 17 том, 1234 хадис).
2) үлкен белгілері.
Хузайфа (р.а) былай дейді: «Біз Мәдинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып:
– Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз:
– Сөйлесіп отырмыз, – дедік. Пайғамбарымыз:
– Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:
– Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, – деп жауап бердік. Сонда Құрметті Пайғамбарымыз:
– Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды» деді:
- Тұманды (түтін).
- Дажжалды.
- Даббатул арзды.
- Күннің батқан жақтан шығуын.
- Хазіреті Исаның (ғ.с.) көктен түсуін.
- Яжуж-Мәжуждың шығуын.
- Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі
- Батыс жақтағы бір жердің шөгуі
- Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі
- Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, – деді [18].
. قال: ((أن تلد الأَمَة ربتها)):
Күң өзінің ханшайымын туады
Бұл сөз тіркесінің екі мағынасы бар бірінші: ислами жорақтар көбейіп, құлдыққа түсетін күңдерге мұсылман басшылары үйленіп, одан туған балалар кейін хан болатыны жайында хабар беруі мүмкін. Бұл ислам тарихында абаситтер, мамлютар кезеңінде орын алған. Екінші мағынасына келер болсақ, балалардың өз ата-аналарына нашар қарауы, өздері үйінде қожайын іспеттес ата-аналары қызметкер іспеттес жүрулері. Бұл қазіргі заманымызда етек алған қасіреттердің бірі.
((وأن ترى الحفاة العراة العالة رِعاء الشاءِ يَتطاولون في البنيان)):
және жалаңаяқ-жалаңбас қой соңындағы кедейлер биік үйлер салуда жарысатынын көресің”,-деді.
الحفاة – аяқ-киімі жоқадамға айтылады.
العُراة – үстінде киімі жоқ адам.
العَالة – өте кедей адам.
رِعاء الشاء- қойшылар
Қазіргі қоғамда бәсекелестіктің әр түрлі қырларын байқауға болады. Ол үй салудағы бәсекелестік, автолік сатып алудағы бәсекелестік, той-домалақтардағы бәсекелестік, тіпті өлім-жітімдерге дейін бәсекелестік әрекеттері бар.
قال: ثم انطلَق، فلبِثتُ مليًّا، ثم قال لي: ((يا عمر، أتدري من السائل؟)):
Содан соң әлгі адам кетіп қалды. Мен біраз уақыт өткіздім. Сосын ол кісі маған: “Әй, Омар, сұраушының кім екенін білемісің”?-деді.
قال: ((فإنه جبريل أتاكم يُعلِّمكم دينكم
Мен: “Алла мен Оның елшісі жақсырақ біледі”,-деп едім, ол кісі: “Ақиқатында, бұл-Жәбірейіл. Ол сендерге діндеріңді үйрету үшін келді”,-деді.
Ислам ол көп жағдайда адамның сыртқы дене мүшелерімен жасалатын құлшылық амалдар болса, иман ол адамның ішкі дүниесіндегі исламнан біткен жемісі. Иманның да исламның да тоғысатын тұстары көп. Исламның адамның сыртқы құлшылықтарына қатысты айтылатынына мына хадистер дәлел:
الْمُسْلِمُ مَنْ سَلِمَ الْمُسْلِمُونَ مِنْ لِسَانِهِ وَيَدِهِ
«Мұсылман басқа бір мұсылманға, тілімен, қолымен зиян келтірмеген»[19]
Басқа бір хадисте:
عن عبدالله بن عمرو رضي الله عنهما أن رجلًا سأل النبي صلى الله عليه وسلم أي الإسلام خير قال أن تطعم الطعام وتقرأ السلام على من عرفت ومن لم تعرف
Абдолла ибн Амру (Алла одан разы болсын) жеткен хадис бойынша пайғамбарымыздан (с.а.у) бір адам: «Қандай ислам қайырлы» деп, сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у) басқаны тамақпен тамақтандыруың танитын және танымайтын адамға сәлем жаю» деп жауап берді.[20]
Иман турасында пайғамбарымыздың (с.а.у) хадисінде:
عن أبي هريرة رضي الله عنه عن النبي صلى الله عليه وسلم قال الإيمان بضع وسبعون أو بضع وستون شعبه فأفضلها قول لا إله إلا الله وأدناها إماطة الأذى عن الطريق والحياء شعبة من الإيمان
Абу Һурайрадан жеткен хадис бойынша пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: Иман ол жетпіске тарта тармақтан құралған ең абзалы «Лә иләһә илла Алла» сөзі болса, ең төменгісі жолдан кедергі болып тұрған нәрсені алып тастау және ұят ол иманның бір тармағы.[21]
Басқа бір хадисте:
وفي الصحيحين عن أبي هريرة رضي الله عنه عن النبي صلى الله عليه وسلم قال لا يزني الزاني حين يزني وهو مؤمن ولا يشرب الخمر حين يشربها وهو مؤمن ولا يسرق السارق حين يسرق وهو مؤمن
Әбу Һурайрадан жеткен хадис бойынша пайғамбарымыз (с.а.у) айтты: (Зинақор зина жасау сәтінде, араққұмар арақ ішкен кезінде, ұры ұрлық жасап жатқан сәтінде мүмин болмайды»[22].
Иман, ислам сөздері көп жағдайда сабақтас мағынада келеді. Атақты ғалым Хаттаби өзінің «Мағалим сунан» кітабында имам мен ислам ұғымдарының кей уақыттарда бірінің орнын бірі басатынын айтқан. Пайғамбарымыздың (с.а.у) Амру ибн Ғанбасадан жеткен хадисінде: Пайғамбарымызға (с.а.у) бір адам келіп, «ислам деген не» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у) : «Жүрегіңді Аллаға тапсыру және басқа мұсылмандарға тіліңмен қолыңмен зиян келтірмеу», деді. Ал исламның ішінде не қайырлы деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Иман» деді. Анау адам: «Иман деген не?» деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол Аллаға, оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, өлімнен кейін қайтіп тірілуге иман келтіру»деді. Одан кейін: «Амалдардың қайсы абзал» деді. Ол (с.а.у): «Хижрет (мекен ауыстыру) ету», деді. Және: «Хижрет дегеніміз не»?, деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жаманшылықтан қашықтау» деп жауап берді. Ең соңында: «Хижреттің ішінде қайсы жақсы», деді. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Жиһад» деді[23].
Бұл мәселеде көріп отырғанымыздай кейбір ғалымдар соның ішінде Суфян Саури бұл екі ұғымның бір екенін бекітіп кеткен. Енді бір ғалымдар Ибн Сирин, Ахмад ибн Ханбал иман мен исламның арасында айырмашылық бар екеніне тоқталады. Бұған дәлел пайғамбарымыз (с.а.у) мәйітке намаз оқығанда былай деп айтқан:
اللهم من أحييته منا فأحيه على الإسلام ومن توفيته منا فتوفه على الإيمان
Аллаһым кімді тірілтсең исламда тірілт, ал кімнің жанын алсаң иманды күйде ал.[24]
Өйткені мына денеміздің амалдары тірі кезімізде атқарылады, өлген кезімізде тек жүрекпен иман келтіргеніміз ғана қалады. Осыған орай ғалымдар: «барлық мүмін мұсылман бірақ барлық мұсылмандар мүмін емес», деген. Иман егер адамның жүрегінде бекіген болса, ол құлшылыққа міндетті түрде апарады. Қазіргі кездегі кейбір бауырларымыздың жүрегім таза ешкімнің ала жібін аттамаймын намазымызды кейін оқимын дейтін уәждары бекершілік, өйткені олар айтқандай жүректері таза болатын болса, ол таза жүрек адамды құлшылыққа итермелер еді.
قال صلى الله عليه وسلم ألا وإن في الجسد مضغة إذا صلحت صلح الجسد كله وإذا فسدت فسد الجسد كله ألا وهي القلب
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар. Ол жақсы болса, барлық дене жақсы болады, ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Шын мәнінде, ол – жүрек»[25],– деген.
Бүкіл мұсылман мүмін емес дегені иманның әлсіздігіне мысал. Бұл турасында Алла тағала Құран кәрімде былай деген:
قَالَتِ الأَعْرَابُ آمَنَّا قُل لَّمْ تُؤْمِنُوا وَلَكِن قُولُوا أَسْلَمْنَا
Бәдәуилер: «Иман келтірдік» деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман болдық» деңдер. [26]
Бұл аятта келген бедуиндер Ибн Аббастың пікірі бойынша мұнафиқтардан болмаған, иманы әлсіз құлдардан болған, аяттың жалғасы бұған дәлел
وَإِن تُطِيعُوا اللَّهَ وَرَسُولَهُ لا يَلِتْكُم مِّنْ أَعْمَالِكُمْ شَيْئًا
Егер Аллаға, Пайғамбарға бағынсаңдар, амалдарыңнан еш нәрсе кемітпейді. Шүбәсыз Алла, аса жарылқаушы, тым мейірімді» [27]де.
Яғни амалдары кемімейді дегені олардың мұнафиқтардан емес екеніне дәлел.
Хадистен алынатын дәрістер:
Ілім үйренуші адамға ғалымдармен қалай қарым-қатынас жасау керек екенін үйретеді.
- Көркем көрініс, таза және киімнің жақсы.
- Ғалым адамның алдында отырудың әдебі.
- Ұстазға сұрақ қойып, оның жауабын тыңдау үшін жақын отыру.
- Діндегі маңызды болған мәселелерде сұрақ қою, әлі орын алмаған жайттарды кейінге қалдыру.
- Қуатты дәлелдер келіп, ақиқат көрінгеннен кейін оны мойындап тиісінше ризашылығын білдіру
Исламның бес негізі және иманның алты шарты баяндалды.
Исладағы барлық құлшылық амалдарды ерекше ықыласпен ыжтаһадтылықпен орындаудың маңыздылығы.
Қияметтің нақты қашан келетіні жайында Алладан басқаға беймәлім
Діндегі ғалым үшін беймәлім затты «білмеймін» деп айту ол үшін айып емес.
Сахабалардың пайғамбармен әдебі
[1] Мәида сүресі 101-102 аяттар
[2] Муслим хадистер жинағы
[3] Муслим хадистер жинағы
[4] Әли Имран 190-аят
[5] Ибраһим сүресі, 10-аят
[6] Әнбия сүрес, 19-20 аяттар
[7] Ағла сүресі 18-19-аяттар
[8] Ғафир сүресі 78-аят
[9] Бақара сүресі 4-5 аяттар
[10] Бұхари, Муслим хадистер жинағы
[11] Ниса сүресі 136-аят
[12] Мурсалат сүресі 20-24 аяттар
[13] http://www.muslim.kz/kk/article/903-tagdyrga-iman.html
[14] Қамар сүресі 49-аят
[15] Мужадалә сүресі 7- аят
[16] Хаж сүресі 1-2 аяттар
[17] Таһа сүресі 15-аяттар
[18] Муслим хадистер жинағы
[19] Бұхари хадистер жинағы, № 10
[20] Бұхари, Муслим хадистер жинағы
[21] Бұхари, Муслим хадистер жинағы
[22] Бұхари, Муслим хадистер жинағы
[23] Имам Ахмад хадистер жинағы
[24] Байһақи хадистер жинағы
[25] Бұхари хадистер жинағы
[26] Хужурат сүресі, 14-аят
[27] Хужурат сүресі, 14-аят