«Нұр-Мүбарак» университеті

Нұр-Мүбарак  университетi – Елiмiздегi жоғары бiлiмдi имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб және ағылшын тілі мамандарын даярлайтын бiрегей  оқу  ордасы. Оқу орнында Египет пен Қазақстанның бiлiктi  доктор-профессорлары, мамандары сабақ бередi.

Университет студенттерiне Египеттің ЖОО-да курстардан, машықтанудан өтуге, магистратура мен докторантурада  бiлiмiн тереңдетуге, ғылыммен айналысуға мүмкiндiк  жасалған.

    Бакалавр

 «5В021500 – Исламтану»  (ерлер және қыздар бөлiмi)

«5В020600 – Дiнтану»

«5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi).

Сырттай бөлім

«5В020600–Дiнтану» (Екінші жоғары білім).

Ақылы негізде:

1)  исламтану мен дінтану/ жылдың төлемақы/ – 343 900  (үш жүз қырық үш мың тоғыз жүз) теңге,

2) екі шет тілі / жылдық төлемақы/ –  443 900 (төрт жүз қырық үш мың тоғыз жүз) теңге.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:

Магистратура

 «6M021000-Шетел филологиясы»;

 «6М020600- Дінтану»

«6М021500 – Исламтану»

Ақылы негізде: үш мамандыққа да жылдық төлемақы – 396 000 (үш жүз тоқсан алты мың) теңге.

Докторантура

 «6D021500 – Исламтану»

«6D020600 – Дiнтану»

«6D021000–Шетел филологиясы»

 Ескерту: Докторантура тек мемлекеттік грант негізінде оқытылады, ақылы бөлім жоқ.

    Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден  құжаттар 20 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданып, 2-7 шілде аралығында Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады. 17-23 шілде аралығында Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіледі. Басқа мамандықтарға кешенді тестілеу және ҰБТ-дан өту балын жинаған талапкерлер қабылданады.

   Керекті құжаттар:

  • Өтініш;
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография снимок;
  • 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
  • Жеке куәлік көшірмесі.

Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін Наркологиялық, психотерапиялық диспансерденанықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Ескерту. 086-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және суреттің үстінде медициналық тексеруден өткен мекеменің мөрі болуы міндетті. Болмаған жағдайда құжат қабылданбайды.

Бұдан сырт, Жоғары оқу орындарына кешенді тестілеу өткізу үшін талапкер Қазпошта немесе ҚР Халық банкінің бөлімшілері арқылы  2242 ТЕҢГЕ  төлейді.

РЕКВИЗИТ:

РГКП «Национальный центр тестирования» МОН РК

010011 г.Астана, пр. Победы 60

РНН 600300086081

БИН 000140001853

ИИК KZ 536010111000001515

БИК HSBK KZ KX                    КБЕ 16

Народный банк Казахстана.

 Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «Академиялық қалашық» аялдамасы.

тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-34. Факс: 8 (727) 302-09-30.

 Сайт:  www.nmu.kz.                                

E-mail: nmu_priemkom@mail.ru.

Return to Top ▲Return to Top ▲