ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде «Ас беру мәдениеті» тақырыбында жиын өтті. Басқосуға қала имамдары мен өңірдің бас имамы Аян Болатұлы қатысты. Жиынды өңірдің бас имамы ашып, ас беру мәдениетінің қоғамдағы маңызына тоқталды.

Кездесуде «Ас беру мәдениеті» құжатының негізгі бағыттары мен мазмұны талқыланды. Құжаттағы ұсыныстарды ел арасында түсіндіру, ас беру кезінде діни және ұлттық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ қалыптасқан дәстүрлерді дұрыс бағытта насихаттау мәселелері сөз болды.

«Ас беру мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бір көрінісі. Сондықтан ас беру барысында ысырапқа жол бермей, қарапайымдылық пен әдептілікті басты орынға қою қажет», – деді өңірдің бас имамы.

Жиын барысында имамдар өзара пікір алмасып, ас беру мәдениетіне қатысты тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Басқосуда көтерілген ұсыныстар алдағы уақытта мешіттерде жүргізілетін уағыз-насихат және түсіндіру жұмыстарына арқау болмақ.

Return to Top ▲Return to Top ▲