Өңірдің бас имамы Аян Болатұлы қала имамдарымен жиын өткізіп, діни бағыттағы жұмыстардың алдағы жоспарын талқылады. Жиын барысында мешіттерде атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалып, алдағы міндеттер нақтыланды.
Дін қызметкерлерінің алдында бірқатар маңызды міндеттер тұр. Атап айтқанда, ихсан мен насихатқа мән беру, діни оқу-ағарту жұмыстарын күшейту, дәстүр мен отбасы құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ жат діни ағымдардың алдын алу бағыттарын одан сайын күшейту қажеттігі айтылды.
Өңірдің бас имамы аталған бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, халықпен тығыз байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар мешіт қызметінің мазмұнын арттырып, жастарға рухани тәрбие беруге, отбасы құндылықтарын насихаттауға және діни сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды.
Жиын қорытындысында белгіленген міндеттерді сапалы жүзеге асыру және бекітілген жоспар аясындағы жұмыстарды жүйелі жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.








