«БІРІНШІ ДҰШПАН» КІТАБЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлының «Бірінші дұшпан» атты кітабы оқырманға жол тартты. Еңбекте адам өміріндегі тілдің маңызы, оны дұрыс қолданудың жауапкершілігі және орынсыз сөздің қоғам мен жеке адамға тигізер әсері сөз болады.

Кітапта тілдің нығметі мен кесапаты, сөздің пайдасы мен зияны кеңінен қамтылған. Автор оқырман назарын күнделікті өмірде жиі кездесетін мәселелерге аударған.

Атап айтқанда, еңбекте білімсіз сөйлеу, өзіне қатысы жоқ іске араласу, артық сөз айту, сөз таластыру, балағат пен қарғыс, орынсыз әзіл, адамды келеке ету, құпияны жариялау, өтірік, ғайбат пен өсек секілді тақырыптар қозғалады.
Сонымен қатар дұға, мақтау және күпірлік сөздерге қатысты мәселелер де қарастырылған.

«Айтылмаған сөздің иесісің, айтылған сөздің жауапкершілігі бар» деген ұстанымды негізге алған еңбек оқырманды сөзге абай болуға, әрбір айтылған сөздің салдарын ойлауға үндейді.

«Бірінші дұшпан» кітабы – тіл мәдениеті мен адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған тағылымды еңбек.

Return to Top ▲Return to Top ▲