БІЛІМ САЙЫСЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Мешіт жамағаты арасында «Фиқһ» пәнінен білім сайысы ұйымдастырылған болатын. 20-дан астам азамат қатысып, тазалық, дәрет, ғұсыл, таяммумге қатысты сұрақтар бойынша өз білімдерін сынады. Қатысушылар белсенділік танытып, діни білімдерін жетілдіруге деген ынталарын көрсетті.

Бүгін жұма намазынан кейін жеңіске жеткендер марапатқа ие болды. Бірінші орынды Орал Жасұланұлы жеңіп алса, екінші орыннан Қуаныш Асхат көрінді. Үздік үштікті Жанай Жанатұлы түйіндеді.

Жүлдегерлер қатарынан көрінгендерге ақшалай сыйлықтар табысталды.

Return to Top ▲Return to Top ▲