СҚО-ДА ИМАМДАР ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданында облыстың бас имамы Хамзат Қажымұратұлының қатысуымен өңір имамдарының жылдық есептік жиналысы өтті.

2025 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылауға барлық қалалық, аудандық мешіт имамдары қатысты. Жиын барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген 4 бағыт бойынша атқарылған істердің қорытындысы шығарылды.Яғни, «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары және аудандардағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет берілді.

Қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдаған өңірдің бас имамы Хамзат Қажымұратұлы аталған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы қызмет барысында сәттілік тілеп, келер жылға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Return to Top ▲Return to Top ▲