ШӘКІРТТТЕР РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Қазақстанда 25 қазан ұлттық мереке Республика күнін атап өтеді. Баршаға ортақ мерекеден Қызылжар орталық мешітінің ұстаздары мен имамдары да қалыс қалмады. Олар Республика күніне орай  мешіттің шәкірттеріне арнайы мерекелік дастархан жайып құрмет көрсетті. Шәкірттер отан, туған жер, адамгершілік, имандылық тақырыбында өлең-тақпақтар айтты. Шара соңында құран оқылып, елдің бірлігі мен тыныштығы және тұрақтылығы үшін дұға жасалды.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲