ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес Ахметшейов Асхат 2023 жылдың 27 қазанынан бастап «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық Ислами діни бірлестігінің филиалы, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мешітіне бас имам болып тағайындалды.

Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Айтуған Тойбазар арнайы келіп бас имамды мешіттің жамағатына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.  Аудандық мешіттің бас имамы болып біраз жыл қызмет атқарған, облыстық Қызылжар орталық мешітіне қызметке ауысқалы отырған Шаймерденов Шопанға алғыс айтылды.

Жұма намазына жиналған жамағатқа білім алудың пайдасы, ата-ананы құрметтеу, мейірімділік туралы уағыз-насихат айтылды.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲