“ҒАБДОЛ-БӘРИ” МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ӨТТІ (суреттер)

Жамбыл ауданының Благовещенка ауылындағы “Ғабдол-Бәри” атындағы мешітте біздің сүйікті де ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айына орай ұйымдастырылған Мәуліт мерекесі болып өтті. Бұл шараға облыстық Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы Мұхамеджан Аман және Қызылжар орталық мешітінің ұстазы Мирзоев Мұхаммед Солих қатысты. Олар мешітте жиналған жамағатқа Мәуліт оқып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірі мен өнегесі жайлы уағыз-насихат айтты.

Шара соңында  аудандық “Ғабдол-Бәри”  мешітіне келген қонақтармен жамағатқа мерекелік дастархан жайылды.

Алла Тағала баршамызды жақсылықта, сауапты істерде, берекелі басқосуларда жолықтыра берсін!  Әмин!

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲