Құрбан айттың бірінші күні айт намазы оқылғаннан кейін мұсылман қауымы құрбандықтарын шалып, Алла Тағалаға ең жақын ететін амалдарын жасауға кірісті мұсылман қауымының ұлық мерекесінде Алла Тағала ризашылығы үшін мешітте тізімде тұрған 100 ден астам мұқтаж отбасыларына ет және азық-түліктен құралған сыйлықтар үлестірді. Мұндай қайырымдылық шаралардан қалада өрттен зардап шеккен отбасылар да құр қалған жоқ. Облыс әкімінің және облыстық мәслихат аппаратының шалған құрбандық малдарының еті де жетім балаларға үлестірілді. Тағы бір айта кетерлігі, мешітте сауат ашу курсында оқып жатқан 200 ден астам шәкіртке де мереке құрметіне арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар таратылды.