Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде Бас имам Хамзат Қажымұратұлының төрағалығымен өңір имамдарының алқалы жиыны өтті.
Жиын барысында «Ислам және ізгі қоғам» деп аталған жылдың негізгі назар аударатын бес бағыты:
• «Дін мен дәстүр»;
• «Ізгі қоғам»;
• «Ихсан және насихат»;
• «Діни оқу-ағарту»;
• «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыс жүргізу жоспарымен таныстырып, дін қызметкерлерін аталған іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.
Сонымен қатар «Уағызшының тұлғалық сипаты» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, имамдардың уағыз айту әдебі турасында сөз қозғалды. Мақаланы дұрыс жазу жолдарына да тоқталып өтті.