Бүгін, ақпан айының 3-жұлдызы жұма күні Қызылжар аудандық «Кәусар» мешітінің наиб имамы қызметін атқарған Абдулла Мухаммад Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның «Береке» мешітіне бас имам қызметіне тағайындалды.
Айта кетейік, Абдулла Мухаммад Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясын тәмамдап, Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға түсті. Исламтану мамандығы бойынша 4 жыл білім алып, 2,5 жыл наиб имам қызметін атқарған.