Қасиетті Рамазан айының соңғы күні Солтүстік Қазақстан облысының бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлының төрағалығымен аудан және қала имамдарының онлайн жиналысы өтті. Жиналыс барысында рамазан айындағы қайырымдылық және өзге бағыттар бойынша атқарылған іс шаралар есебі беріліп, санитарлық жағдайларға ерекше мән беру керектігі айтылды. Жиын соңында айт мейрамына қатысты ҚМДБ-ның мәлімдемесі пысықталып, тапсырмалар берілді.