Қасиетті Қадір түнінің құрметіне Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешіті 100 отбасыға азық түлік таратты.

Қасиетті рамазан – мейірім мен берекет айы. Осы айда жасаған әрбір ізгі амалға еселеніп әжір-сауап жазылады. СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруыменен «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық акциясы аясында 100 азық-түлік пакеттері жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтылған көп балалы  отбасыларға таратылды.

Сонымен қатар онлайн бағдарлама барысында мешіт имамдары жамағатқа уағыз насихат айтып, көрермендер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Return to Top ▲Return to Top ▲