ҚМДБ «ЗЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ 229-ҮЙДІҢ КІЛТІ СҚО-ДА ТАБЫСТАЛДЫ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30-жылдық мерейтойына орай бастау алған «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Тимирязев ауданы орталығының тұрғындары-Евгений мен Гүлшара Бозжігітовтерге баспана кілті табыс етілді. Бұл – еліміз бойынша мұқтаж жандарға берілген 229-шы үй болса,  өңірімізде  «Қызылжар» орталық мешіті мен «Зекет» қорының бастамашылығымен жерлестеріміздің игілігіне тарту етілген алғашқы баспана.

Гүлшара Бозжігітова арбаға танылған күйеуін көп жылдардан беріжалғыз өзі күтіп келеді.  Ер адамның көмегінсіз нәзік жанға үйдіжөндеп,қалыпты жағдайда ұстау оңай емес екені түсінікті.Әбден тозығы жеткен баспананың иесі жергілікті мешітке көмек сұрай барған екен. Шарасызәйелдің өтініші көп ұзамай облыстық мешіткеде келіп жетті.Бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлының тапсырмасымен «Зекет» коорпоративтік қоры жобасы аясында Петропавл қаласы менТимирязев және оған көршілесжатқан Шал ақын, Есіл, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың мешіт қызметкерлеріқаражат жинап, отбасыға басқа баспана сатып алып беру ісіне кірісті.Бұл бастамаға бірнеше кәсіпкер де жұмыла атсалысқанын атап өту қажет. Осындай белсенділіктің арқасында ерлі-зайыптығакең екі бөлмесі бар, жарық әрі жылы үй сатып алынып, іші-сыртына жөндеу жүргізілді.

Баспана иелеріне кілтті табыстау рәсіміне мешіт имамдары мен жергілікті әкімдік пен ардагерлер кеңесініңөкілдері қатысты. Олар 45 жыл бойы өмірдің қызығы мен шышығынбірге көріп келетін жандарды қоныстойымен құттықтап, игі тілектерін жеткізді. «Қызылжар» орталық мешітініңқызметкерлері  қоныстой иелеріне – кір жуғыш машина, ал аудандық мешіттердің имамдары бір-бір кілемнен тарту етті. Ел қамқорлығына ие болған ерлі-зайыпты қуаныштарын жасыра алмай, көздеріне жас алды.

– «Ел үлесі – пәтерге» – баспанаға зәру отбасыларға нақты көмек беретін игі жоба. Мұқтаж жандарға  арналған бұл бастама өңірімізде ары қарай жалғасын табады деген үміттеміз, – дейді «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Аян Алыпқашев.

Return to Top ▲Return to Top ▲