СҚО бойынша, Жамбыл аудандық «Тәубе» мешітінің ұйымдастыруымен аудандық кітапханада, мектеп оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесуге мешіттің бас имамы Ғабит Блисов қатысып, қазіргі таңдағы өткір талқыланып жатқан діни мәселелер мен экстремизм жайында кеңінен түсінік берді. Сөз алған мешіт имамы діни білімді ғаламтор желісінен пайдаланбай, діни ілімді мешіт ұстаздарымен имамдардан алуға кеңес берді. Дін мен экстремизм екеуі егіз ұғым емес екені жайында қарама-қайшы турасында түсінік берді. Аудандық кітапханасына жиналған мектеп оқушылары өз кезегінде сұрақтар қойып, алдағы уақытта діни ілімді тек діни мамандардан алуға келісіті.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі