Ғалымдар: мұсылман халқының өсу қарқыны жылдам

Әлем мұсылмандары алдағы жиырма жыл ішінде 35 пайызға көбейеді, 2010 жылы 1,6 млрд болса, 2010-2020 жыл аралығында 2,2, млрд-қа жуықтайды. Бұл туралы Колумбияның орталық округындағы демографиялық болжам туралы баяндамада мәлім болды.

Мамандардың айтуынша, алдағы жиырма жылдықта мұсылман қауымы өзге сенім өкілдерімен салыстырғанда екі есеге жылдам көбейеді. Мәселен, бір жылға шаққандағы мұсылман қауымындағы өсім 1,5 пайызды құраса, басқа діндегілерде бұл көрсеткіш 0,7-ні көрсетеді. Егер, осы қарқын сақталатын болса, 2030 жылғы әлемнің 8,3 млр тұрғынының 26, 4 пайызын мұсылман үмметі құрайды. Ал 2010 жылғы есепке жүгінсек, 6,9 млрд халықтың 23,4 пайызы мұсылмандардың еншісінде.

Алайда, осының өзінде мұсылман қауымы 1990-2010 жылмен салыстырғандағы өсімінен аса көп дей алмаймыз. Мәселен, қазіргі өсу көрсеткіші орта есеппен 1,5 пайызды көрсетеді десек, өткен жиырма жылдықтың (1990-2010)  өсімі орта есеппен 2,2 пайыз болған. «Дәл қазіргі даму көрсеткіші сақталған жағдайдың өзінде 2030 жылы әлемнің 79 елінде 1 000 000 мұсылман өмір сүреді, ал бүгінде 72 елде мұсылмандар тұрады… Алдағы уақытта болжам бойынша мұсылман халқының ең көп шоғырланған аймағы Индонезия емес, Пәкістан елінде болмақ» деп хабарланды орталық мәлімдемесінде.

ummet.kz-ақпарат

Return to Top ▲Return to Top ▲