Абдалла әт-Түрки Астанадағы діндер көшбасшыларының съезіне қатысады

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Арнайы уәкілі, ПарламентСенатының депутаты А.Мұсаханов Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысындаДүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Абдалла әтТүркимен кездесіп, оғаналдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыруды табысетті. Діни форум 2015 жылғы 10-11 маусымда Астана қаласында өтеді. 

Сенатор Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі, үстіміздегі жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толатыны жайында айта келіп, жүздесушіні діни көшбасшылардың төрт съездің нәтижелері мен алдағы Бесінші съездің тақырыбы туралы хабардар етті.

Абдалла әт-Түрки Президент Н.Назарбевтың Діни көшбасшылар съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалап, бүгінгі таңдағы халықаралық шиеленістер етек жайған шақта Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп отырғанын атап өтті.

А.әт-Түрки Дүниежүзілік ислам лигасы алдағы V Съезд жұмысына белсенді қатысатынын айтты.

Return to Top ▲Return to Top ▲