ІЗГІ ШАРАЛАР

Осы аптада «Қызылжар» орталық мешітінде баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен бірнеше іс-шара өтті. Атап айтар болсақ, облыс орталығындағы білім беру мекемелері оқушыларды саяхатқа әкеліп, мешіт ғимаратын аралатты. Ал мешіттің найб имамы Айбек Сайдалин балаларға имандылық ордасының тарихы, мұсылман дінінің дәстүрмен сабақтастығы жөнінде әңгімеледі. Экскурсияға келгендер мешіттің кітапханасына, Құран және намаз оқылатын бөлмелеріне де кіріп, ою-өрнекпен айшықталған ғимараттың мұсылмандар үшін қасиетті орын екенін біліп қайтты.

Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

[gallery_bank type=»images» format=»thumbnail» title=»true» desc=»false» responsive=»true» animation_effect=»» album_title=»false» album_id=»2″] 

Return to Top ▲Return to Top ▲