«М.Жұмабаев аудандық мешіті»

  Булаев қаласында орналасқан. 1999 жылы қазан айында соттың бұрынғы ғимараты мешітке берілді. Күрделі жөндеуден өткізіліп, шариғат талаптарына сай және сәулет өнерінің жетістіктеріне сүйене отырып, құлшылық үйіне айналдырылды. Ғимарат  іші және сыртына 2004-2005 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алла үйі намаз залы, дәріс бөлмесі, шаруашылық бөлмесі және имам бөлмесінен тұрады және 120 адамға арналған халал асхана бар. Жеке орталықтан жылытылады. Айналасы қоршалып, көгалдандырылған, маңайы асфальтталынған. Жалпы аумағы 2530 шаршы метр, ғимараттың көлемі 360 шаршы метр, биіктігі 8, мұнарасының биіктігі  15 метр. Аумағында екі 9,5 шаршы метрлік автокөлік тұрағы, 11,6 шаршы метрлік отын қоймасы бар. Телефон және компьютермен жабдықталған.

Return to Top ▲Return to Top ▲