«Теңдік ауылдық мешіті»
Тайынша ауданы Теңдік ауылында орналасқан. Құрылысы 1999 жылы басталып, 2000 жылы қарашада пайдалануға берілген. Құрылысын жүргізген Орынбай қажы Әлжанов. Ағаштан салынып, сырты қызыл кірпішпен өрілген. Жер аумағы 1 га, ғимарат көлемі 162 шаршы метр, 150 адамға арналған, биіктігі ішінен 4,8 метр, сыртынан 14,5 метр. Қос мұнаралы, төрт бұрышында кіші мұнаралары бар. Олар ұлттық ою-өрнектер салынған қаңылтырлармен қапталған. Имамның бөлмесі мен дәрет алатын бөлме бар.