Қажылықтан кейінгі ой

 Қазақстан қажылар қауымы төрағасы Еркін Дунаевқа,

Түркістан орталық мешітінің Бас имамы Әбдімәлік қажыға,

  қажылар Сәлима, Самат, Қанат және биыл қажылық

  парызын орындаған қазақ елінің қажыларына арнаймын.

 

Ия Алла! Шүкіршілік бергеніңе,

Қасиетті Қағба мен Арафатты көргеніме.

Қажылық мұсылманның бір парызы,

Зиярат, тауапта жүргеніме.

 

Меккенің тұрған жері тауменен тас,

Ыстықтан тәнің күйіп, айналар бас.

Жаратқан ризықтың молын берген,

Өзгеше қасиеті бар екені ол да рас

 

Арафат әуелгі ата-ана кездескен жер

Іздеуде бірін-бірі талай төгілген тер.

Алланың кешірімі болғаннан соң

Құрылған осы жерде алғашқы төр.

 

Көбейіп осы жерде ұрпақ сүйді,

Жасауға құлшылықты құрды үйді.

Ол – Қағба, бүгінгі Арабия шұғыласы,

Барша мұсылман әлемінің құбыласы.

 

Алла ұлы аса құдіретті!

Тасты тесіп зәм-зәмді гүжілдетті.

Шөлдеген Исмаилға сусын беріп,

Бабасын Мұхаметтің тірі өтті.

 

Қағбада ізі қапты Ибрахимнің

Алланың сүйіктісі дауы бар оған кімнің

Қағбаны баласымен қайта салып,

Көркіне  шырай берген Алла үйінің

 

Шексіз ғой мейірімі бір Алланың

Зәм-зәмді Исмаилға арнағаны.

Теңізде содан бері сарқылар ед,

Ақиқат оның бар әлемге тарағаны.

 

Абзалы адамзаттың ол Мұхамбет

Жаратқан оған берген мол құдірет.

Ілімі күннен-күнге алға басып,

Әр мүмін мадақтайды жасап құрмет.

 

Меккедей мекен жоқ қасиетті

Жершардың екі миллиарды құбыла етті

Күн санап қатары мұсылманның өсіп келеді.

Келешек Исламда – оған көзім жетті.

 

Жайлады адамзатты талай індет:

Ішімдік, нашақорлық –  салдары бей берекет

Өзге дін тоқтатуға қауқары жоқ,

Тек қана Исламның қолынан келед.

 

Ислам – ханафи бабалар таңдаған дін,

Салт-дәстүр сәйкестірген алғашқы күн.

Ілімі Мұхаммедтің болмағанда,

Келешек болады екен қараңғы түн.

 

Ия, Алла! Жастарыма қидаят бер!

Пайдалы ілім, мол берекет бер.

Бабамыз әл-Фараби үлгі болып,

Ілімде, еңбектеде төгілсін тер.

 

Арманы көк түріктің мәңгілік ел

Бабалар мұрат етті осынша жер.

Қазағым, сақтасаң сен ел бірлігін,

Енші Алла, әлемде сенің орның болады төр.

 

Шерияздан қажы Башеев.

Петропавл қаласы, 2014 жыл

Return to Top ▲Return to Top ▲