ДОСТЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

Рухани келісім күніне орай өңірімізде бірқатар шаралар әлі де жалғасуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға жергілікті діннің өкілдері, этно-мәдени орталықтардың мүшелері және оқу орындарының оқушылары қатысты. Жиналғандар алдында «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай сөз сөйледі.

 

Рухани келісім – ұлтаралық татулық пен ынтымақтың тірегі. Облысымызда тұрақты түрде халық игілігі үшін жұмыс істеп тұрған жүз алпыс екі діни ғимарат бар. Нәтижесінде  өңіріміздегі этно-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер рухани дәстүрлерінің дамуына мүмкіндік алып отыр. Қай дінді алып қарасақ та, олардың барлығы халықты ауызбіршілікке, татулыққа шақырады, – деді Кенжетай қажы Дүйсенбай «дөңгелек үстел» меймандарына. Бас имам сондай-ақ, осы мақсатта мешіт тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Бұл шараның «Қоғамдық келісім» деп аталуы тегін емес. Себебі, еліміздегі ұлттар арасындағы ауызбіршілік тыныштық пен тұрақтылыққа кепіл. «Бірлік бар жерде ғана тірлік бар екенін» «дөңгелек үстел» меймандары да өз сөздерінде нығырлай түсті.

 

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Return to Top ▲Return to Top ▲