25 ҚАЗАН ҰЛТТТЫҚ МЕРЕКЕ –РЕСПУБЛИКА КҮНІ

Құрметті Қызылжарлықтар!

Сіздерді егеменді елдігіміздің, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, айбарлы азаттығымыздың айғағы Ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын бұл күн қазақ халқының мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл күн ата-бабаларымыз аңсаған арманының жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған күн.

Бүгінде әлемнің алпауыт елдері мойындаған Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңі өте күрделі.

 Ұлан байтақ алқапты алып жатқан қазақ даласы аса ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлар жүріп өткен жолы, бұралаң соқпақтары – табиғат тағдырдың қазақ халқына берген сынақтары іспетті. Осындай сынақтардан қазақ халқы сүрінбей, тізесі бүгілмей, еңсесін биік ұстап, аман-есен өтті.  Тағдырдың бұл сынақтары ұлтымызды ширатты, шыңдады.  Рухы биік, өр халық намысын ешкімге таптатпады.  Ғасырлар бойы дербес, тәуелсіз мемлекет болуды аңсаған ата-бабаларымыздың арманы 1991 жылы орындалды.  

Әлем тарихында тұңғыш тәуелсіз Қазақстан Республикасы пайда болды. Дәуіріміздің шежірелі жылдарында үлкен жетістіктерге жеткізген ұлы күш – елдің бекем бірлігі. Баянды болашаққа бет алған тәуелсіз Қазақстан Республикасы – ортақ жетістігіміз, ортақ мақтанышымыз!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халқымызға береке-бірлік, елімізге тыныштық тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болс

Хамзат Қажымұратұлы

Қызылжар орталық мешітінің

                    бас имамы                          

Return to Top ▲Return to Top ▲