СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ӨРЕНДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

         Облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернатының  9-10 сынып оқушылары облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде арнайы қадам басып келген еді.  Кездесу аясында найб  имам Қасымхан қажы Исаев балаларға асыл дініміздің құндылықтары жайлы тартымды уағыз-насихат айтып,  теріс ағымдардың арбауына түспеуіне шақырды.

Өңіріміздегі спорт ордасының өрендерімен ұйымдастырылған шара барысында балалар мешіттің дәрісханалары және кітапханасындағы діни әдебиеттермен танысып, рухани азық алды.  Бұдан соң спортты денсаулықтың сенімді серігі етіп таңдаған өрендер  найб  имам Қасымхан қажы Исаевқа өздерінің толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды  жауап алды. Олардың айтуынша, жастар үшін мұндай шарапаты мол кездесулердің маңызы зор. Себебі, Аллаһ Тағаланың жердегі үйі – мешіттегі кездесулер кейінгі толқынды имандылыққа, тазалық пен мейірімділікке тәрбиелейді.

Жалынды жастарымыз еліміздің тірегі болып саналады. Осындай игі шаралардың нәтижесінде жас ұрпақтың дінге деген бетбұрысы арта берсе, нұр үстіне нұр болады.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲