Ұмра сапарына шығарып салды

«Қызылжар» орталық мешітінде көп жылдардан бері  іс басқарушы болып қызмет етіп келетін Кеңес Омарұлы кіші қажылыққа атанды. Ақсақал Меккеге сапар шегіп, мұсылмандық парызын өтеу мүмкіндігіне  «Ұлағатты ұрпақ» қайырымдылық қорының арқасында ие болды. 

Бас имам Кенжетай қажы Дүйсенбай бастаған мешіт қызметкерлері Кеңес Омарұлын алыс жолға салтанатты түрде шығарып салды. Олар ақ тілектерін жаудырып, жол амандығын тілей отырып, ақсақал иығына шапан жапты.

Return to Top ▲Return to Top ▲