ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Алланың өзі де рас, сөзі де рас… Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, философы Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына орай Қызылжар орталық мешіті осындай атаумен жастар арасында әдеби-танымдық байқау өткізбек.

Ақын мұраларын танып қана қоймай, өлеңдерін жатқа айтып жүрген жастарымыз көп-ақ. Кеше олардың арасынан ең мықты дегендерін анықтап, байқауға жолдама беру мақсатында алғашқы іріктеу кезеңі өтті. Оған жиырмаға жуық студент келіп қатысты.

Бастапқы сыннан сүрінбей өткен талапқой жастарды 23 ақпан күні сағат 17-де басталатын байқау алаңында күтеміз. Абай өлеңдерін аса үлкен шеберлікпен мәнерлеп оқып, ұлы ақын өмірі мен бай мұрасы жайындағы сұрақтарға мүдірмей жауап берген жастарды 20-50 мың теңге көлеміндегі сыйлықтар күтіп тұр. 

Return to Top ▲Return to Top ▲