Қызылжар ауданында мәуліт мейрамы аталып өтті

СҚО Қызылжар ауданында Алла тағаланың елшісі Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыздың дүниеге келген күні – Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Рухани кеште құран оқыумен және  пайғамбарымызға (с.а.с.) салауаттар айтылыудан басталды. ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы барша  жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с) өмірбаяаны жайында, айтқан өсиеттерін, ғибратқа толы ғұмырын жамағатқа насихаттады. Аудан әкімінің орынбасары мерекемен құттықтады.

Мәдениет үйінің актерлары шығармашылық өнерлерін жиналған жамағатқа көрсетіп, мешіт шәкірттері қойылым қойды. Мәуліт мерекесінен кейін жиналған жамағатқа арнайы дастархан жайылып, ақсақалдар баталарын берді.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз хатшылығы

Return to Top ▲Return to Top ▲