МЕШІТ АУЛАСЫНЫҢ ҚАРЫ ТАЗАЛАНДЫ

Демалыс күндері жауған қарды сауапты іске жаңашыр жамағат «Қызылжар» орталық және қалалық «Нұр» мешіті ауласын қардан тазалады.

Жұдырықтай жұмылған жамағат жан-жақтан мешітке кіретін жол ашып, баспалдақтардың да қарын тазалады. Сондай-ақ, сауапты іске коммуналдық шаруашылық қызметкерлері де үлес қосты. Мекеменің ауыр жүк көліктері мешіт ауласындағы қар үйінділерін тиеп, сыртқа шығарды.

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз хатшылығы

Return to Top ▲Return to Top ▲