Ашура күніне орай ауызашар ұйымдастырылды

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) хадисінде: «Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Мұхаррам айында тұтылған ораза» деп айтқан. Қыркүйектің отызы- Ашура күні, бұл күнде сауапты амалдарды жасауға тырысу керек, осы күні жасалған  дұға-тілектер қабыл болады. Ашура күні ораза тұту сүннет болып табылады. Міне, осыған орай «Қызылжар» орталық мешітінде алпыс адамға мерекелік ауызашар ұйымдастырылды. Мешіттің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы Мұхаррам айының құндылығы мен Ашура күнінің қасиеттілігі жайында уағыз айтты. Ал жамағаттың арасынан қажы апа-аталар ризашылығын білдірді.

e2d5b0d3-879a-4e94-910c-1cf996bb754a

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲