ҚМДБ: АБДУЛЛА БАХАДЫР ДІНИ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕМЕС

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Абдулла Бахадыр атты азаматтың жесір әйелмен қарым-қатынасы туралы ақпарат тараған болатын, онда аталмыш азамат Діни басқарма қызметкері ретінде көрсетілген. Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Абдулла Бахадырді Діни басқарманың қызметкері еместігін мәлімдейді.

Абдулла Бахадыр еш уақытта Бас мүфтидің бұйрығымен дін саласында штаттық-лауазымдық санатта жұмыс атқармаған. Қазіргі уақытта да ҚМДБ-ның құрылымында қызмет атқармайды.

Қоғамдық белсенді ретінде дінге қатысты өз пікірі мен көзқарасын айтып жүрген Абдулла Бахадырді Діни басқарма қызметкері деп айту жаңсақтық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай анықталмаған ақпаратты таратқандардың әрекетін дәйексіз жабылған жала деп біледі.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲