МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Денсаулық Алланың пендесіне берген баға жетпес нығметі. Алланың берген аманатына сақтықпен қарап, денсаулықты тексеріп отыру да өзіңе жасалған қауіпсіздік болып есептеледі.

Жалпы, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан мешіт жамағаттары үшін медициналық  тексеру шаралары  тұрақты өткізіліп келеді.

Биылғы жылы да облыстық медицина орталығымен бірлескен түрде мешіт жамағаттарына арналған тексеру шарасы өтті.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария»  мешітінде өткен тексеруде жамағаттар қан қысымын, қан құрамындағы қант, холестерин көлемін тексеріп, медицина саласының мамандарынан кеңестер алды.

Қым-қуыт тіршіліктің қамымен осы бір қарапайым тексерулерден өтуге де уақыт табыла бермейтіні белгілі.

Осындай мүмкіндікті жасап, шара ұйымдастырған мешіт ұжымына жамағат алғысын жеткізді.

 Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»  

мешітінің баспасөз қызметі       

Return to Top ▲Return to Top ▲