Қасиетті Рамазан айы басталды

Міне, барша мұсылмандардың сағына күткен айы Рамазан айы басталды.Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде айтылғандай бұл айда жаннат есіктері ашылады, мұсылмандарды тура жолдан адастырмау үшін, әрі зиянын келтірмеу үшін шайтандар шынжырлармен байланып, тозақ есіктері жабылады.

Берекеге толы бұл айда күнде оқылатын тарауық намаздары мен бірге өткізілетін сәресі мен ауызашарлары нәтижесінде мұсылмандар арасында бауырмалдық, бірлік пен мейірімділік нығаяды. Осыны мақсат тұтқан ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкілдігі, «Қызылжар» орталық мешіті Рамазан айының алғашқы күні Бас мүфти атынан мешіт асханасында барша мұсылмандарға арналған ақ дастархан жайып, ауызашар ұйымдастырды.

DSC07112 (1) DSC07625 DSC07634 DSC07754 Бір дастархан басында түрлі ұлттардың басын қосқан ауызашарға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов та қатысып, мұсылман жамағатын мүбарак Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар облыс имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы қасиетті Рамазан айының құрметіне асыл дініміздің көркейіп, дамуына үлес қосып жүрген өңіріміздің бірқатар құрметті азаматтарына алғыс хаттар табыстап, ауызашарға жиналған жамағатқа Рамазан айы, ораза ұстаудың артықшылықтары жайлы уағыз айтты.

Биылғы «Дін мен дәстүр» жылына орай «Қызылжар» орталық мешітінің ауласына, қазақ халқының ұлттық мұрасы, он екі қанатты киіз үйлер құрылып, онда Рамазан айы бойы күндіз дәрістер, уағыздар жүргізіліп, кешке ауызашарлар беріледі.

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲