Абылайдың ақ үйіне сапар

Облыстық «Қызылжар» орталық мешіті ұйымдастыруымен маусым айында ашылған жазғы діни сауат ашу курсының шәкірттеріне ата-баба тарихын үлгі- өнеге етіп таныстыру мақсатында  «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешеніне экскурсия өткізді.Мұрағаттағы құжаттарға сүйенсек, бұл жерде Абылай ханның үйі, кеңсе, монша және қонақтарға арналған бөлме 1765 жылы салынған екен. Өрт болған кезде 4 ғимарат жанып кеткен соң, сол орынға әскери аурухана тұрғызылған. Ал, 5 жыл бұрын бұл жерде мұражай кешені ашылды.

DSC07349 Яғни, резиденцияның бұрынғы ғимараты қайта қалпына келтірілген (ақпарат www.mtrk.kz сайтынан алынған). Балалар қазақтын ұлы ханының өмірбаянымен танысып, жеке заттарын, тарихи маңызы бар құжаттарды көріп, ата-бабамыздың Ислам дінін ұстанғандығына дәлел болатын экспонаттарын тамашалады.

Return to Top ▲Return to Top ▲