ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНДА МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – Мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде.

Мешіттерде Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді.

   Ғ. Мүсірепов ауданы орталық  мешітінде өткен атаулы шараға арнайы облыстық бас имам  Хамзат Қажымұратұлы қатысып жиналған жамағатты Мәуліт мерекесімен  құттықтады және Пайғамбармыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі туралы уағыз айтты.

    Жиында облыстық бас имам  діни іс-шаралардың өтуіне атсалысып жүрген Қуат Қорғанбайұлына Алғыс хат табыс етті.

Мәуліт мерекесінің ең маңызды бөлігі Пайғамбарымызға салауат айтылып, асыл дініміз бен Пайғамбармыздың (с.ғ.с) өнегелі өмірі насихатталды. Спорттық іс-шаралар өтті, сонымен қатар ғибратты шарада қайырымдылық істері жасалды.  Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туған айына арналып дастархан жайылып, дәм берілді.

Қызылжар орталық мешітінің баспасөз қызметі

Return to Top ▲Return to Top ▲