Уағыз-насихат тобы Тайынша ауданында

Жат ағымдардың өңірімізде таралуын алдын алу мақсатында «Қызылжар» орталық мешітінде уағыз-насихат тобы құрылған болатын. «Қызылжар» орталық мешітінің ұстазы Әділбеков Хамзат және қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Жәпішев Әбілхан бастаған топ Тайынша ауданында болып, Келлеровка ауылындағы орта мектепте, Тайынша қаласының қазақ мектебінде 9-11 сынып мектеп оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында жат ағымдардың сипаттары  және олардың қоғамға зиянды тұстары айтылып өтті. Отырыс барысында шынайы мұсылман келбеті және жастар арасындағы рухани азғындау соның ішінде өз-өзіне қол жұмсау фактілері турасында және оның діндегі орны сөз етілді.

Сондай-ақ өзекті мәселелердің бірі діни білім алу және Қазақстандағы діни оқу орындар және дін қызметкерлерінің имиджі кеңінен талқыланды.

20141030_104104                                                 20141030_125032

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲