Теріскейде тағы да бір мешіт бой көтерді

Солтүстік өңірі Алланың тағы бір ақ үйімен толықты. Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Қарасай батыр ауылында сәні мен сәулеті жарасқан «Қарасай батыр баба» атындағы мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.

90 орындық   мешіттің салынуына өңіріміздің дін жанашырлары «Колорит» ЖШС-нің директоры Ғабдуллин Әділбек  Мұташұлы, «Каз Экспорт Астық»  ЖШС-нің директоры Молдабеков Руслан, «Агро Ком Мәдениет» ЖШС-нің директоры Сулумбек Богданұлы және басқа да игі жандар қол ұшын берді сонымен қатар мешіттің жеке қызметіне арнайы шетелдік маркадағы автакөліктің кілті ұсынылды.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ – ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, СҚО ның әкімі Сұлтанов Ерік Хамзаұлы қатысты.

Мешіттің ашылу салтанатында сөз алған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Имандылық үйін өз қаржысымен салып, ел игілігіне берген азаматтарға алғысымды білдіремін. Мешіт салып, ізгі істерге атсалысу – сауапты іс. «Қарасай батыр баба» атындағы мешіт халықты имандылыққа ұйытып, ізгілік жолын ту етер жұртшылықтан арылмасын», – деп батасын берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің атынан жаңа мешіттің кітапханасына Құран кітаптарын, тұғырнаманы және тағы басқа діни кітаптарды тарту етті.

5 4 3 2 1

Return to Top ▲Return to Top ▲