«Қазiргi азаматтық қоғамдағы дiн және этнос»

6 қарашада Петропавл қаласындағы М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң ғимаратында ғылыми-практикалық конференция болып өттi. Конференцияға қатысушыларды Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Е.Х. Сұлтановтың атынан әкiмнiң орынбасары Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев құттықтады. Өзiнiң құттықтау сөзiнде ол: «…Қазақстандағы рухани келiсiмдi нығайтудағы дәстүрлi дiндердiң рөлi жылдан жылға өсiп қана қоймай, елiмiздiң адамгершiлiк-рухани келбетiн қалыптастырудың ажырамас бөлiгiне айналуда, бұл тұрақты қоғамның басты индикаторларының бiрi болып табылады…», — деп атап өттi. Сөзiнiң соңында М.Н. Манкеев конференцияға қатысушыларға жұмыстарының жемiстi әрi қызықты болуын тiледi. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Дiн iстерi комитетiнiң төрағасы Ғ.Н. Шойкин конференция жұмысына қатысты және сөз сөйледi. Спикерлер ретiнде конференцияға Қазақстан Республикасы Қазақ мемлекеттiк Спорт және туризм академиясының профессоры, философиялық ғылымдар докторы Г.Н. Бiләлова, «E-islam» ақпараттық-ағартушылық интернет порталының редакторы, философиялық ғылымдар кандидаты Ж.С. Сандыбаев, ҒЗТО Исламды зерттеу бөлiмiнiң аға ғылыми қызметкерi Б.М. Жанақов шақырылды. Бейбiтшiлiк пен келiсiмдi сақтау, нығайту, қазақстандық қоғамның дәстүрлi құндылықтарын бекiтудегi дiндер диалогы тақырыбында облыстық «Қызылжар» орталық мешiтiнiң бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы, Петропавл және Булаев епископы Владимир, М. Қозыбаев ат. СҚМУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушiсi Л.А. Гривенная сөз сөйледi. Конференция жұмысы аяқталарда оның қатысушыларының атынан үндеу қабылданды. Үндеу мәтiнiн М. Қозыбаев атындағы СҚМУ география және экология кафедрасының аға оқытушысы А.В. Шурр оқыды. Конференцияның жұмысына облыстық және аудандық мемлекеттiк органдардың басшылары, iшкi саясат бөлiмдерiнiң басшылары, құқық қорғау органдарының, дiни бiрлестiктердiң, ардагерлер ұйымдарының, этномәдени бiрлестiктердiң, жастар қозғалыстарының өкiлдерi және облыс жұртшылығы қатысты.

DSC_0373    DSC_0327

 

 

«Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Return to Top ▲Return to Top ▲