Солтүстік Қазақстан өңірінде “Зекет” қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы ұйымдастырылды.
Акция мектеп оқушыларына – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға барлық қажетті көмекті көрсетуге арналған.
Игі шараға СҚО бас имамы Хамзат Қажымұратұлы және СҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Исаев Қасымхан қатысып, ізгі іс жасады.
Жалпы шара аясында қала, аудан мешіттерінің ұйымдастыруы арқылы көп балалы және жалғызбасты аналар, өтініш жасаған отбасыларға көмек қолы созылып, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша барлығы 200 балаға мектеп сумкасы мен оқу жабдықтары үлестірілді.
“Зекет” қайырымдылық қорының “Мектепке жол” акциясына 2 млн-ға жуық қаражат жұмсалды. «Зекет және қайырымдылық» қорының мүшелеріне оқушылардың ата-аналары да алғысын білдіруде.
«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі