Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде Бас имам Хамзат Қажымұратұлының төрағалығымен өңір имамдарының алқалы жиыны өтті.
        Жиын барысында «Ислам және ізгі қоғам» деп аталған жылдың негізгі назар аударатын бес бағыты:  
 • «Дін мен дәстүр»; 
 • «Ізгі қоғам»; 
 • «Ихсан және насихат»; 
 •  «Діни оқу-ағарту»; 
 •  «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыс жүргізу жоспарымен таныстырып, дін қызметкерлерін аталған іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.  
Сонымен қатар «Уағызшының тұлғалық сипаты» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, имамдардың уағыз айту әдебі турасында сөз қозғалды. Мақаланы дұрыс жазу жолдарына да тоқталып өтті.

