Нұрланған Наурыз

«Қызылжар» орталық мешітінің табалдырығын аттағандар бұл күні Ұлыстың ұлы күні Наурызбен қауышты: олардың әрқайсысына наурыз көже ұсынылып, ақ  дастарханнан дәм татты. Жылдағы дәстүр бойынша мешіттің  нәзік жанды  намазхандары дайындаған мерекелік тағам көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл мерекеге «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы  Кенжетай қажы Дүйсенбай қатысты. Орталық мешітке келген қонақтарды  найб имам Қасымхан Исаев құттықтады. Мешіттің көрсеткен қонақжайлығына намазхандар атынан Шәмшия Бостанова лебіз білдірді.

 «Қызылжар» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

DSC06811 DSC06456  DSC06621 DSC06632 DSC06636 DSC06725 DSC06752 DSC06779   DSC06882

Return to Top ▲Return to Top ▲